«Өзін-өзі тану Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
2018 жылдың 02 ақпан мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі өтті. «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, «Өзін – өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы идеясының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналды. «Өзін-өзі тану Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» апталығының ашылуын балабақша директоры К.Б.Жакишева құрылған жоспарымен таныстырды. «Балапан», «Айгөлек» топтары «Шаттық шеңбер» жасады. «Толағай» тобының ата-аналары балабақшаға деген пікірлерін, жылы тілектерін үміт ағашына ілді. «Еркетай» тобының ата-аналары балаларымен бірігіп «Менің сүйікті отбасым» фото-коллаж жасады. «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Г.А.Борамбаева «Досыма көмек сыйластық» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. «Колокольчик» тобында «Мейірімділік - асыл қасиет» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Психолог П.А.Кабылдина «Жақсы көңіл-күй жан азығы» психологиялық тренинг өткізді. Апталыққа белсене қатысқан тәрбиешілер мен ата-аналарды әдіскер Д.К.Елубаева марапаттады.