«Ертегілер еліне саяхат» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Ақпанның 09 жұлдызында Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту мазмұнына сәйкес «Жұлдыз» балабақшасында даму стратегиясының екінші бағыты бойынша білім сапасын арттыру мақсатында жоспарланған «Жас оқырман» жобасы аясында ортаңғы «Еркетай» тобында «Ертегілер еліне саяхат» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Тәрбиеші Марат Лиана Бекзатқызы математикадан өткізген оқу қызметін жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып өткізді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты балаларды салыстыруды, санауды, түстерді ажыратуға үйрету. Ертегі еліне келген қонақтар Ханзада мен Ергежейлі (гномдар) балалардың қызығушылығын одан әрі арттыра түсті. Балалар Ергежейлінің берген тапсырмаларын орындау арқылы «Ұйқыдағы аруды» оята білді. Балалар есту, көру, санау, салыстыруды, кеңістікті бағдарлау арқылы есте сақтау қабілеттерін көрсетті.