«Бала құқығы-адам құқығы»
2017 жылдың 20-30.11 аралығында балабақшамызда «Бала құқығы-адам құқығы» атты республикалық іс-шаралар өтті. Іс-шарға барлық топ ата-аналары қатысты. Балабақша әдіскері Елубаева Д.К педагог-психолог Кабылдина П.А педагогтар мен тәрбиешілерді «Бала құқығы-адам құқығы» туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерімен таныстырды. ІІ кіші «Айгөлек» тобының ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізілді. Ата-аналарға «Балалардың денсаулығы мен өмірі үшін ата-аналардың жауапкершілігі» тақырыбында баяндама оқылып, тақырып бойынша кітап бұрышы жасалынды. Қосымша жылжымалы папкалар, суреттер ата-аналарға көрсетілді. «Толағай» тобының ата-аналарына арнайы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысымен жасалған бейнероликті көрсетілді. Бұл бейнеролик «Қазақстан - жетімсіз ел» атты тақырыбы аясында ұйымдастырылды.