Ертегілер еліне саяхат
Қарашаның 13 – 17 аралығында «Жұлдыз» балабақшасында «Жас оқырман» жобасына байланысты «Ертегілер әлемініне саяхат» апталығы басталды. Апталықтың мақсаты балаларды ертегі тыңдау, ертегі кейіпкерлерінің іс- әрекеттеріне баға беру, ертегіні сахналау образға кіріп ойнап үйрену арқылы кітап оқуға қызығушылығын арттыру, тілдерін дамыту. Қуыршақ театры әр топта жас ерекшеліктеріне байланысты саусақ театры, көлеңке театры, бойшаң қуыршақ театры, т.б. театр түрлері өтті. Бақшамызда ересек топ пен кіші топтың арасындағы сабақтастық жұмыстары жақсы жолға қойылған. Кіші топтың балаларына қуыршақ, саусақ, көлеңке театрын көрсетіп отырады. Бойшақ қуыршақ театрында кішкентай балалар басында үрейленсе кейінен, ойнап күліп мәз болысты. Әсіресе балаларды көлеңке театры қатты қызықтырды. Апта бойы балалар ертегілер әлемінде болып көп әсер алды.