1-Наурыз - Алғыс айту күні
Осы мерекеге орай «Балдырған»балабақшасында іс-шара өтті.
«Мені әлпештеген,тәрбиелеген Отбасыма көп-көп рахмет!» атты тақырыпта ересектер тобының тәрбиешісі Ж.Тусупбекованың ұйымдастыруымен мерекелік ойын-сауық өз жалғасын тауып,бүлдіршіндер бір-біріне деген жылы сөздерін,ата-аналарына,достарына ,тәрбиешілеріне алғыстарын білдіріп жатты. Сонымен қатар «Мені әлпештеген,тәрбиелеген отбасыма көп-көп рахмет!»тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Жергілікті газет «Балқаш өңіріне» К.Муктарова,Б.Даркеева, Ж.Тусупбекованың «Елбасына алғыс айтамыз» атты мақаласы шықты.
Дата: 3.03.2016, 7:48 Автор: Балдырган