Размер шрифта:

Жаратылыстану - танымдық сауаттылық апталығы:" Мен бәрін білгім келеді "

Жаратылыстану - танымдық сауаттылық апталығы:
"Жаратылыстану апталығы"
 
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 9-13 Наурыз аралығында "Жаратылыстану - танымдық сауаттылық апталығы:" Мен бәрін білгім келеді " басталды. Бұл апталықтың ашылуы тосын сыйлар мен жұмбақтар күні." Еркшелік жақында " атты тақырыппен ашылып кіші топ балаларына музыкалық ойын - сауық кезінде жұмбақ қонақтар келіп қуанышқа бөленді.
Серуен кезінде кіші топ балалары қардан бауырсақтар жасап бір - біріне тосын сыйлар жасады.
Кіші топ тәрбиешісі А.Жумашева" Ерекшелік жақында" тақырыбында балаларға түсініксіз материалдардан жасалған заттар, ойыншықтар туралы түсіндіріп ТРИЗ элементтерін қолдана отырып ойындар өткізді.
Түстен кейін кіші топ тәрбиешісі А.Божанова балаларға суда бататын, батпайтын заттармен эксперимент жүргізіп балалардың көзін жеткізді. Суға қағаздан жасалынған қайық жіберіп үрлеу арқылы жүзетінін көрсетті.
Дата: 10.03.2021, 11:48 Автор: Балдырган