«Қош бол, әсем БАЛАБАҚШАМ!»

«Қош бол, әсем БАЛАБАҚШАМ!»

«Айбөбек» шағын орталығында «Балбөбек» ересектер тобының «Қош бол, әсем БАЛАБАҚШАМ!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өткізілді. Ертеңгілікте балаларөнерлерін ортаға салып балабақшадан алған білімдерін көрсетіп, балабақшада үйренген тақпақтарынайтып, ән айтып, би билеп мерекені көңілді өткізді. Ертеңгілікте балалар қойған көрініс  «Мақта қыз бен мысық»  бүкіл ата – аналардың, балабақша қызметкерлерінің, тіпті қонақтардың да көңілінен шықты.  Балабақша директоры Қарлығаш Жексенқызы балаларды құттықтап, балабақшаның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан ата-аналарды алғыс хатпен мадақтады.Мереке соңында  балалардың ата-аналары ізгі тіліктерін білдіріп, ақ жаулықты әжелеріміз ақ батасын беріп, «Балбөбек» тобының тәрбиенушілері жайдарлы көңіл күймен, қуанышпен, қимастықпен, болашаққа деген үлкен арманмен, балабақшамен қоштасты.Тәрбиеленушілерімізге  болашақта тек қана ақ жол!!!

Дата: 20.05.2017, 3:50 Автор: №24 мектеп-интернаты