№24 орта мектебінде өткен жалпыұлттық ата-аналар жиналысы бойынша ақпарат

№24 орта мектебінде өткен жалпыұлттық ата-аналар жиналысы бойынша ақпарат

№24 орта мектебінде 2017 жылы 12 мамырда 18.30 - сағатта   бірдей уақытта  жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлығы 104 ата-аналар қауымы қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.

Ата-аналар жиналысында күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды :

-мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі; 

-демеушілік;

-жаңа форматтағы ҰБТ ұйымдастыру;

- мектеп бітіру іс-шаралары мәселелері;

Ата-аналар жиналысында    модератор 1-4 сынып арасында Самбетова Д.Н , 5-10 сынып арасында Садуов Б.Е, Абеуова И.Д .

Күн тәртібінде бірінші мәселеде   Қамқоршылық кеңестері жұмысымен   таныстырылып,    білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым екендігі айтылды.  Қамқоршылық кеңестері – тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, білім беру ұйымдарының, ең маңыздысы – азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы болып отырғандығы көрсетілді.  Сонымен қатар, қамқоршылық кеңесінің мақсаттары да айтылып, бағыттары және функцияларына да тоқталды. 

Күн тәртібіндегі екінші мәселеде демеушілер тарапынан көрсетілетін  қайырымдылық , шефтік көмектер кімге көмек көрсетілетіндіктері ашып айтылды.   

Күн тәртібіндегі үшінші мәселеде жаңа форматтағы ҰБТ ұйымдастыру жұмысымен толықтай таныстырылды.  Ата-аналар тарапынан тақырыпқа байланысты  сұрақтар қойылып, ой бөлісті.   Сонымен қатар тақырыпқа байланысты қосымша ақпараттар,  видео материалдар көрсетілді.  

Дата: 13.05.2017, 7:45 Автор: №24 мектеп-интернаты