"Туған күніңмен, сүйікті қалам!"

24 орта мектебінде "Туған күніңмен, сүйікті қалам!" тақырыбында Қала күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын мемлекеттік Гимн айтудан басталып , "Менің қалам - менің елім" тақырыбында үгіт - насихат тобы қаламыздың тарихы мен жеткен жетістіктеріне , мақтан тұтар мақтаныштарына шолу жасап тоқталды.Сонымен қатар , мектебіміздің дарынды оқушылары, олимпиада , зияткерлік сайыстардың жеңімпаздары марапатталды. Жиын соңында қалалық "Жас көшбасшы -2017 " сайысының "Алғыс хат" иегері , қалалық балалар маслихатының депутаты Рзаханов Нурислам құттықтау сөз айтты.

Дата: 11.04.2017, 4:37 Автор: №24 мектеп-интернаты