№24 орта мектебінің көктемдік демалыс кезіндегі оқушыларымен ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат

Мақсаты: Оқушылардың көктемгі демалыс күндерін қызықты , әрі тиімді етіп өткізу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, танымдық, спорттық іс-шаралар ұйымдастыру.

Көктемгі каникул кезінің іс-шаралары Тәрбие тұжырымдамасының 8 бағытына бағытталып жоспарланды.

Еңбек , экономикалық және экологиялық тәрбие беру мақсатында24.03.2017 жылы «Мамандықтың бәрі жақсы » тақырыбында Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледж және Балқаш көпсалалы колледж мамандарымен ата-аналар және оқушыларға арналған кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге 17 ата-ана, 25 оқушы қатысып, оқу орындары дайындаған слайдпрезентация арқылы оқу мекемелеріндегі мамандықтармен танысып, таңдау жасаған оқушыларда болды.

НЗМ  мектептерінің тәжірибесін тарату мақсатында «10 күн ата-анамның кәсіпорнында»  әлеуметтік жобасына  8А сынып оқушысы Байманкұлова Назым өз үлесін қосып, ата-анасының жұмыс орнына барып , саяхат жасады.

  Мектебіміздің «Экош» экологиялық клубының  мүшелері мектеп ауласын абаттандыруға арналған гүл көшеттерін отырғызды.

    №24 орта мектебінде 01.04 күні қалалық  сенбілік өткізілді.   Тазарту жұмыстарына педагогикалық ұжымның барлығы ат салысты.    36 мұғалім, 12 кіші қызметкерлер .

  

Мұғалімдерді топтастырып,  мектептің алдыңғы  ауласындағы кепкен ағаш сынықтарын , шіріген арам шөптерді жұлды.

  

  Мектептің аула сыртындағы аймақтарда тазарту жұмыстарын атқарды. Мектебіміздің ер мұғалімдері қоқыс жәшігінің айналасындағы жиналған қоқыстарды өрттеу жұмыстарымен айналысты. 

  

Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие , құқықтық тәрбиеберу мақсатында 25.03.2017 жылы 5-7 сыныптар арасында «Туған жерім – тірегім, «Мәңгілік ел» - мұратым» тақырыбында эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.

  

Мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында  кешкі 18.00-ден түнгі 21.00 аралығында мұғалімдер құрамынан құрылған « мобилдік топ» мектеп әкімшілігінің басшылығымен   рейд жүргізілді. Топ мүшелері өз жұмысын қанағаттанарлық дәрежеде атқарды. « Түнгі қаладағы балалар » акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты, қараусыздық пен панасыздықты болдырмау және алдын алу, білім алудан бас тартатын балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару үшін жедел шаралар қабылдау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» рейді өткізілді.

  

Мектептегі «қиын топта» тұрған оқушылармен «Мы должны это знать» тақырыбында әңгімелесу сағаты өтті. Мектеп инспекторы А.Е.Дергачев оқушылармен жеке әңгімелесе отырып,  құқыбұзушылық барысында колданылатын әкімшілік кодекстермен таныстырды.

Дене тәрбиесі , салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 26.03.2017 жылы «Мен, сен және біз!» тақырыбында  спорттық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараға  бастауыш сынып оқушылары ат салысып, ойын қызықты өтті.

Рухани – адамгершілік тәрбие беру мақсатында  27.03.2017 жылы «Оқушылардың өз- өзіне сенімділігін арттыруға арналған тренинг жаттығулар» тақырыбында мектеп психологі тренинг жаттығу өткізді.

 

-  Кітап оқу- келешек ұрпақтың рухани азығы екендігін жеткізу

 

Зияткерлік тәрбие , ақпараттық мәдениет тәрбиесін беру мақсатында  28.03.2017 жылы  7 А сынып оқушыларының арасында «Көшбасшы лигасы» тақырыбында интеллектуальдық ойын өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін кеңейту, логикалық ойлауын , тапқырлығын дамыту . Сондай ақ оқушыларды алғырлыққа , іскерлікке , көпшілік алдында  сөйлеуге үйрету. Ойын барысында мектеп бағдарламасынан тыс сұрақтар қойылды. Оқушылардың  ой жүйріктігін , білімдерін пысықтауға арналған сұрақтарда кездесті. Оқушылар ойынға белсене ат салысты.

Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие беру мақсатында 29.03.2017 жылы  «Праздник Наурыз»  тақырыбында 1-4 сынып арасында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

   Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт – дәстүрі, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеуге, толеранттылыққа тәрбиелеу.

         Іс-шараға 100 пайыз оқушылар ат салысып, тақырыптың мақсат, міндеттеріне жете білді. Әр тілде өлеңдер оқылып, іс-шара орыс тілінде оқытылатын сыныпта қазақ тілінде өтті. 3Б сынып оқушылары бидер шашу шашып, 3А сынып оқушылары «Мәңгілік ел» тақырыбында өлең жолдарын оқыды. Іс-шара «Көктем ханшайымы» ертегісі желісінде өтті.

  

\

               Сонымен қатар,    қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату – тәтті өмір кешуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты екені туралы да жан – жақты мағлұматтар берілді.

 

Ұлттық тәрбие беру мақсатында 30.03.2017 жылы «Астананың жұлдызды сағаты» тақырыбында 6 А сыныбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске , шығармашылыққа баулу. Астана жайлы деректермен білімдерін кеңейту.  Іс-шара 2 бөлімнен тұрды. Оқушылар жақсы дайындықпен келіп, білімдерін ортаға салды. Іс-шара барысында ізденіс жұмыстар жүргізген оқушыларда кездесті.

 

Отбасы тәрбиесі бойынша 31.03.2017 жылымектепішілік «Каусар» аналар клубының отырысы өтті. Отырыста 3 тоқсанда жүргізілген іс-шаралар бойынша есеп беріліп, 4 тоқсанға жоспарланған іс-шаралармен таныстырды. Аналар клубының белсенді мүшесі қалалық наркологиялық диспансер дәрігері Жанузакова А.Т өз тарапынан қыз бала тәрбиесі және жеке бас гигиенасы бойынша іс-шара ұйымдастыруға ұсыныс жасады.

 

№24 орта мектебінен «Білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық  патриоттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру»бойынша  өткен онлайн конференцияға педагогикалық ұжымның барлығы қатысты. Қатысушылар саны: 36 мұғалім.

Бұл онлайн конференцияда   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050:  «Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  Қазақстан  халқына  Жолдауында жаңа  жүйеқұраушы  «Мәңгілік  Ел»  құндылығын  жалпыұлттық  патриоттық идеясы жайлы сөз қозғалып, негізгі принциптеріне тоқталды. 

«Мәңгілік ел» идеясындағы    құрылымдық  құрамдастары  ретінде  тәуелсіздік,  ұлттық  тұтастық, тұрақтылық, толеранттылық, қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік жайлы айтылса, мемлекеттік  саясаттың  іргелі  негізін  құрайтын  жоғарыда  аталған басымдықтар  бүгінгі  таңда  тәрбие  процесін  қазіргі  қазақстандық  қоғам дамуының  негізгі  стратегиялық  және  басым  міндеттерінің  бірі  ретінде айтылып өтті.

«Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  өмірде  іске  асырудың  іргетасы мектепте  қаланып, білім  беру  ұйымдарында  тәрбие  жұмысы  мақсатты түрде жүргізілуі тиістігі, оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігі айтылды. 

Конференция соңынан педагогикалық ұжымда өз ойларымен бөлісіп, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяның принциптерін  тәрбиеленушілермен жүргізетін іс-шараларда, сынып сағаттарында пайдалану керектілігі айтылды.

  

 

Дата: 3.04.2017, 6:07 Автор: №24 мектеп-интернаты