№24 орта мектебінде онлайн режимде өткен «Білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру» бойынша республикалық онлайн конференция жайлы ақпарат
№24 орта мектебінен «Білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі принциптерін іске асыру»бойынша өткен онлайн конференцияға педагогикалық ұжымның барлығы қатысты. Қатысушылар саны: 36 мұғалім.Бұл онлайн конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жүйеқұраушы «Мәңгілік Ел» құндылығын жалпыұлттық патриоттық идеясы жайлы сөз қозғалып, негізгі принциптеріне тоқталды. «Мәңгілік ел» идеясындағы құрылымдық құрамдастары ретінде тәуелсіздік, ұлттық тұтастық, тұрақтылық, толеранттылық, қоғамдық келісім, аумақтық тұтастық, егемендік, теңдік жайлы айтылса, мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі таңда тәрбие процесін қазіргі қазақстандық қоғам дамуының негізгі стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде айтылып өтті.«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қаланып, білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы мақсатты түрде жүргізілуі тиістігі, оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігі айтылды. Конференция соңынан педагогикалық ұжымда өз ойларымен бөлісіп, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяның принциптерін тәрбиеленушілермен жүргізетін іс-шараларда, сынып сағаттарында пайдалану керектілігі айтылды.
Дата: 3.04.2017, 3:12 Автор: №24 мектеп-интернаты