№24 орта мектебінде «Қазақстан –мейірімділік мекені» акция аясында наурыз айында ұйымдастырылған іс- шаралар жайлы ақпарат
Наурыз айында 5-9 сынып қыздарының арасында «Ата-әжелерімізге құрмет!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге әр сыныптан екі әжеден қатысып, қазақтың салт –дәстүрі, әдеп-ғұрыптарынан сабақ бере отырып, ойларын ортаға салды. «Қарты бар ұй қазына» демекші дөңгелек үстелге келген әжелеріміз жиналған қыздарымызға ақылдарын айтып, батасын берді.1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс, бата ал!» атты көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды. Жетім балалар мен көп балалы отбасында тәрбиеленетін оқушыларға көмек көрсету мақсатында жергілікті шаштараз маманы Ж.С. Иксанова 4 оқушының шашын тегін алып, өз көмегін аямады.
Дата: 27.03.2017, 8:14 Автор: №24 мектеп-интернаты