24 орта мектебінде бойынша «Наурыз мейрамы-2017» мерекесіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды кеңінен насихаттай отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа , мейірімділікке тәрбиелеу және халқымыздың салт – дәстүрі , әдеп – ғұрыптарымен таныстыра отырып , халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.
«Наурыз – жаңа күн, жаңа өмірдің бастауы» тақырыбындағы оқу кабинеттерін безендіру байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру, этносаралық қатынастар мәдениетіне тәрбиелеу, достық пен келісім атмосферасын қалыптастыру.
Сайысқа барлық сынып бір кісідей ат салысып, жүлделі орындар иеленді.
«Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында қолөнер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 5-9 сынып оқушыларының арасынан 17 оқушы қатысып, жеңімпаздар анықталды. Қолөнер байқауының қорытындысы бойынша мектеп фойесінде ата-аналар қауымына көрме ұйымдастырылды.
2017 жылдың 15 наурызы күні мектеп кітапханасында«Мерекелі қаламның Наурызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы оқушыларға тереңірек мағлұмат беру; ұлтжандылыққа, ұйымшылдылыққа, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Осы көрмеде оқушылар «Ұлыстың ұлы күні» туралы өздерінің ойларын ортаға салды. «Наурыз неге жыл басы?», «Наурызды кім қалай тойлаған?», «Наурыз атаулары, Наурыз көже» ,«Ұлттық ойындар ойнау» тақырыбында оқушылар мәлімет берді. Осы тақырып аясында оқушылар бұрыннан білетін білімдерін одан әрі кеңейте түсті.
20.03.17 жылы 3А, 3Б,2Б сыныптарының арасында «Мәңгілік елдің Наурызы» тақырыбында ашық тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. . Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт – дәстүрі, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеуге, толеранттылыққа тәрбиелеу.
Іс-шараға 100 пайыз оқушылар ат салысып, тақырыптың мақсат, міндеттеріне жете білді. Әр тілде өлеңдер оқылып, іс-шара орыс тілінде оқытылатын сыныпта қазақ тілінде өтті. 3Б сынып оқушылары бидер шашу шашып, 3А сынып оқушылары «Мәңгілік ел» тақырыбында өлең жолдарын оқыды. Іс-шара «Көктем ханшайымы» ертегісі желісінде өтті.
Сонымен қатар, қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату – тәтті өмір кешуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты екені туралы да жан – жақты мағлұматтар берілді.
17.03.2017 жылы 5-8 сыныптар арасында «Асығың алшысынан түссін!!!» тақырыбында ұлттық ойыннан сайыс ұйымдастырылды. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Р.Е іс-шара барысында ұлттық ойынның шарттарымен таныстырды. Сайыс тартысты өтіп, жеңімпаздарда анықталды.
Жоспарға сай айтулы іс-шараның бірі «Үздік ауыл» сайысы болды. Қарағанды облысы бойынша соғыс ардагерлерінің ауылына бөлініп, сайысқа түсті.
Сайыстың шарты бойынша 1 кезеңде «Қонақты қарсы алу» кәдесі, 2 кезеңде соғыс ардагерлері жайлы ақпарат , 3 кезеңде «Мәңгілік ел» , «Сүйікті қалама 80 жыл» тақырыптарында мәнерлеп оқу, 4 кезеңде салт- дәстүрден көрініс сайысы өтті. Сыныптар өте жоғары дайындықпен келіп, жеңімпаздар да анықталды.