"Мектеп күні-2017"

2017 жылдың 13 наурызында №24 орта мектебінде дәстүрлі  "Мектеп күні-2017" мерекесі ұйымдастырылып, келген қонақтар тарапынан оң нәтижелі бағасын алды.    Аталған мерекеге мектеп ұжымы мен оқушылары зор ізденіспен, шығармашылық жаңашылдықпен, ерекше табанды еңбек пен талпыныспен жасалған еңбектерін көрсете білді. Ережеге сəйкес, келген қонаққа ұсынған бірегей көрме жұмыстары, мектебіміздің мұражай қызметі, мектеп рəміздерін насихаттаған үгіт-насихат тобының жұмысы, туған қаламыздың 80-жылдығына арналған концерттік бағдарламасы өтті.

Дата: 14.03.2017, 8:24 Автор: №24 мектеп-интернаты