№24 орта мектебінде 1 наурыз- Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

  Алғыс айту күнінің мақсаты еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға құрмет  білдіруге үйрету және тәрбиелеу.

    2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР-сының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күні  1 наурызды Қазақстанда Алғыс айту күні деп жариялау туралы №173 Жарлыққа қол қойды. Осыған орай Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында іс-шара жоспарланып, өткізілді.

№24 орта мектебінде 20 ақпан күні  1 наурыз –Алғыс айту   күніне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынның мақсаты: Республика көлемінде аталып өтетін мереке туралы мағлұмат беру және

ұстаздарға алғыс білдіре отырып, жағымды көңіл – күй сыйлау. Ең алдымен мектеп президенті Оразғали Аяулым мереке туралы мағлұмат беріп өтті. Қазақстан халқы 2016 жылы Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінде Қазақстандық құндылықтарды бейнелейтіндігі туралы да айтылды. Одан кейін 8 «А» сынып оқушыларынан құрылған үгіт – насихат тобы «Дос болайық бәріміз!» тақырыбында үгіт – насихат жүргізді. Сыйластық пен кішіпейілділікке шақыратын қазақ және орыс тілдеріндегі өлең жолдарынан бастау алып, «Алғыс айту» мерекесі туралы мағлұмат беріп, соңында өздерінің осы мерекеде алғыстарын ұстаздарға білдіретінін жеткізді. Сонымен қатар өздерінің жүректен шыққан лебіздері жазылған ашық хатты ұстаздарға таратты. 

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс, бата ал!» атты көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды.  Жетім балалар мен көп балалы отбасында тәрбиеленетін оқушыларға көмек көрсету мақсатында жергілікті шаштараз маманы Ж.С. Иксанова 4 оқушының шашын тегін алып, өз көмегін аямады.

  

  

  

№ 24 орта мектебінде 5-9 сынып арасында бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізе білуге үйрету,  өз Отанының патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында  бата беру байқауы ұйымдастырылды.

 «Батаменен ел көгерер..» сайысында  бата берудің шеберімін деген оқушылар өздерінің бақтарын сынады. Шарапатты шара - ата салтын ардақтап, дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған. Қатысушылар салиқалы сөз саптап, үлкендерден көргенін үлгі етті. Сүйінші хабарға, жолға шыққанда, ас қайырғанда айтылатын тілек түріндегі баталарды жатқа айтты.  Сонымен қатар, тұсау кесу, қонақ күту әдептері бойыншы көріністер қойылды. Бұған дейінгі өткен байқаулар тек өлең-жыр, көркем сөз оқумен шектелсе, бұл жолғы бата беру сайысы болып отыр. 

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс, бата ал!» атты көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды.  Жетім балалар мен көп балалы отбасында тәрбиеленетін оқушыларға көмек көрсету мақсатында жергілікті шаштараз маманы Ж.С. Иксанова 4 оқушының шашын тегін алып, өз көмегін аямады. 

    

  

«Жылу» қайырымдылық акциясы  аясында қаламыздың маслихат депутаты, «Бас-Балқаш-2005» теміржол ұйымының басшысы, халық қалаулысы Б.Ә.Сейсембеков   мектебімізге футбол, баскетбол доптарын сыйға тартты.      Акциясы аясында  көрсеткен үлкен көмегі үшін ел ағасы Б.Ә.Сейсенбековқа мектептің педагогикалық ұжымы, оқушылары атынан үлкен алғыс білдіреміз !

     2016 жылдың 23 ақпаны күні мектеп кітапханасында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне тағзым» аттты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.  Мақсаты:  оқушыларға  қазақ елінің, Алаш жұртының кеңдігі жайлы жалпы түсінік беру; ұлтжандылыққа, адамгершілік рухани байлыққа, казақи дүниетанымдық көзкарас пен ұлттық құндылықтарды  қастерлей білуге тәрбиелеу.

    Осы көрмеде оқушылар өздерінің ойларын ортаға салды.  Қазақ еліндегі бейбітшілік пен ынтымақтастық жайында оқушылар бір-бірімен пікір алмасты. Кітап көрмесіне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» және «Бейбітшілік кіндігі» атты адамгершілік-рухани байлыққа үндейтін оқулықтар қойылды. Осы тақырып аясында оқушылар бұрыннан білетін білімдерін одан әрі кеңейте түсті.

Қалалық «Өнер мектебі» ұжымы 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай   мектебімізде вокалдық сыныптарда оқитын оқушылардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырды.  «Қолөнер» үйірмесінің тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмысынан көрме қойылды. Концерт соңында қалалық «Өнер мектебі » ұжымының басшысы Р.Ж.Бакаева  және мектебіміздің басшысы Қ.Ж.Ахметова педагогикалық ұжымға және оқушыларға жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөз айтты.

 

 

 

 

Дата: 1.03.2017, 12:39 Автор: №24 мектеп-интернаты