№24 орта мектебі бойынша қысқы демалыс кезіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат 2016-2017 оқу жылы

Мақсаты:Жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақ бойына Отанға, халқына, ұлттар достығына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру. Әр түрлі өнер түріне балалардың ынтасын ояту және бос уақытын шығармашылықтың көркем түріне арнаған жеткіншектердің талабын оятып, таланттарға дем беру. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын орындау барысында спорттық , танымдық іс-шаралар ұйымдастыру.

30.12.2016 жылы 1-9 сынып арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.  Сурет көрмесіне 1-10 сынып арасынан 14 оқушы қатысып, қысқы табиғатты аса шеберлікпен бейнелеп, жеке шығармашылық жұмыстарынан  8А сынып оқушысы Байманқұл Назым, 9А сынып оқушысы Насурладина Сабина көрмелер  ұйымдастырды.

    

28-30.12.2016 жылы 8-9 сынып оқушылары және ата-аналар қауымының күшімен кардан ертегі кейіпкерлерінің мүсіні жасалды.

  

30.12.2016 жылы «Қош келдің, Жаңа жыл !» тақырыбында азқамтылған  отбасында тәрбиеленетін 44 оқушыға жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылып, жалпыға бірдей білім қорынан бөлінген  135700 теңгеге  әр балаға жаңа жылдық сыйлықтар берілді. Ата-аналар   мектеп әкімшілігіне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

  

04.01.2017 жылы НЗМ тәжірибесін тарату мақсатында 5-8 сынып оқушыларының арасында «Оқуға міндетті 100 кітап » тақырыбында мектеп кітапханашысы Л.Б.Шолакованың жетекшілігімен іс-шара ұйымдастырылды . Іс-шараға 21 оқушы ат салысты.

    

 30.12-06.01.2017 жыл аралығында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Жаңа жылдың ғажайып сиқырлары» тақырыбындағы театрлық қойылымға 1-5 сынып оқушылары барды.

№24 орта мектебінің 9 сынып оқушылары сынып жетекшісімен 6 қаңтар күні кәсіби білім беруде мекемелермен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қаламыздағы медициналық колледжіне барды. Барған оқушылар колледж оқытушыларының көмегімен ғимаратты аралап шығып, сабақ оқытылатын кабинеттермен де жеке – жеке танысып өтті. Содан кейін тәжірибелік сабақ өтетін кабинетте клиникалық өлім жағдайында көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы сабаққа қатысты. Сабақ барысында алдымен сұрақ – жауап ретінде көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы түсіндіріліп өтті. Содан кейін колледж оқытушысы тәжірибе арқылы жасап көрсетіп, оқушылар өздерінің сабақ барысында үйренгендерін айта отырып, жасап көрсетті. Тәжірибелік сабақ соңында медицинаға байланысты әр түрлі тақырыпта слайд – фильмдер, видеолар көрсетілді. Соңында сынып жетекшісі оқушылардың алған әсерімен бөлісіп, көріп – білгендері туралы және медицина саласы жайлы қандай ой түйгендері туралы өз ойларын ортаға салды.

 

1-6  сыныптар  арасында  «Қыс мезгілінде төтенше жағдайдарды алдын алу шаралары  » тақырыбында әңгімелесу сабақтары  өтті.     Мектеп медбикесі  А.К.Бажбенова    «Төтенше жағдайлардың алдын алу  және олардан қорғану шаралары » бойынша ақпараттар берді.Сонымен қатар, қалалық ТЖ орталығының медбикесімен кездесу ұйымдастырылды.  Медбике  тақырып бойынша слайд фильм көрсетіп, оқушыларға таратпа қағаздар таратты. Қыс кезеңінде сақтандыру-профилактикалық жұмыс жүргізуге және ТЖ алдын алу мақсатында халықты жаппай қамтуға құтқарушылар барлық бұқаралық ақпарат құралдарының  мүмкіндіктерін пайдаланатындығы жайында  хабардар етеді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойды. Кездесуден  алынған білімдер қиыншылықтармен күресуде маңызды жәрдем болатынына, өз күшіне өзі сенушілігін арттырып, көмектесетініне үміттенеміз.

 

  «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 1-6 сыныптар арасында «Қысқы қызықтар» тақырыбында мектеп жанындағы сырғанақ маңайында спорттық эстафеталар өткізілді. Жеңімпаздарда анықталып, дипломмен марапатталды.

Қысқы каникул барысында  жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты  алдын-алу мақсатында профилақтикалық рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты: жасөспірімдердің арасында алкогольдік және темекі сатылу дәлелі болды ма, түнгі мезгілде жасөспірімдірдің заңды өкілдерінсіз жүруі, сабаққа себепсіз келмеуіне байланысты мақсатта жүргізілді.Бұл іс-шараға мектептің 5 мұғалімдері  бекітілген балалардың мекен-жайы бойынша рейд жұмысын жүргізді.

Дата: 9.01.2017, 15:22 Автор: №24 мектеп-интернаты