№24 орта мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп  клубының  жүргізілген іс-шаралар жайлы ақпарат

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады. Осындай мақсат , міндеттерді негізе ала отырып, желтоқсан айының  12 –сі күні   9-10 сынып оқушылары арасында  «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында  пікірталас практикумы ұйымдастырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Л.Б тақырып аясында өзекті мәселелерді ортаға салып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Жалпы іс-шараға 17 оқушы ат салысып,  тартысты пікірталас өтті.

 22. 12.2016 жылы  8-9 сынып оқушыларынеың арасында «Сынып басшысын сайлау» тақырыбында  іскерлік ойын ұйымдастырылды. Сынып белсенділері Байманқұл Назым, Насурладина Сабина, Оразғали Аяулым, Бейсекеев Ануар  іскерлік ойын барысында сынып ұжымының қолдауымен сайлауға түсіп, өзіндік бағдарламаларымен таныстырды. Оразғали Аяулым мектептің гүлденуіне, абаттандыруына үлес қосатындығын айтты. Бейсекеев Ануар сыныпқа басшылық етсе, спорттық іс-шаралардың санын көбейтуге ұсыныс жасады. Іс-шараға 18 оқушы ат салысып, белсенділік танытты.

Дата: 29.12.2016, 5:33 Автор: №24 мектеп-интернаты