№24 орта мектебі бойынша өткізілген онлайн сабақтың ақпараты
Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебінде 10 «А» сыныбында Қазақстан тарихынан «Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттер» тақырыбында Қарағанды облысы бойынша Karaganda_Obl_UMC комнатасында онлайн сабақ болып өтті.
Сабақтың мақсаты: Ертедегі сақ, үйсін, қаңлы, ғұндар мемлекеттерінің шаруашылығы, материалдық мәдениеті, әлеуметтік құрылысы, археологиялық ескерткіштері, көршілермен қарым -қатынасы туралы білімдерін пысықтау.
Онлайн сабақ саяхат түрінде ұйымдастырылып, оқушылар картамен практикалық жұмыс жүргізді. Сабақ соңында Қазақстан территориясындағы археологиялық қазба жұмыстарының арқасында табылған төрт «Алтын адамды» табу үшін көптеген кедергілер қойылған. Сол кедергілерден тапсырманы орындау арқылы өтіп отырып, тапсырма алғашқы мемлекеттер тақырыбынан болды. Оқушылар барлық тапсырмаларды орындай отырып археологтармен танысып, ашылған «Алтын адамдарды» тауып белгіледі. Сабақ соңында әрбір топ өз карталарын қорғап шығып, кері байланыс арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазып, бір-бірлерін бағалап, «Алтын адам»- Тәуелсіздіктің символы» атты тақырыпта ой толғауларын жазып сабақты аяқтады. Сабақты өткізген мектебіміздің 2 санатты, 3 базалық деңгейлі тарих пәні мұғалімі Шолакова Лаззат Бодыковна.
Дата: 13.12.2016, 2:46 Автор: №24 мектеп-интернаты