№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Әлеуметтік жаңғыру күніне арналған іс-шаралар ақпараты
№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Әлеуметтік жаңғыру күніне арналған «Әлеуметтік жаңғыру » тақырыбында «Самұрық» әкелер кеңесінің мүшелерінің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған отырысы өтті. Әкелер кеңесінің төрағасы Ыбышев Е.М: «Елімізде әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар адамның рухани сұранысын қанағаттандыру кезек күттірмес маңызды шаралардың бірі екені белгілі. Өйткені ол – адами капиталды күшейтудің бірден-бір жолы. Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі – адамдардың бойында еліміздің тәуелсіздігін баянды ететін ұлттық келісім рухын және отансүйгіштік сезімін нығайту. Елдің рухын көтеру, елжандылық қасиетін қалыптастыру тәуелсіз мемлекетіміз үшін айрықша маңызы бар мәселе болып табылады.» -деп айтып өтті.
Өйткені жер қойнауындағы кен байлығымен танылып қана қоймай, адамгершілік-рухани құндылықтарын дәріптеген, тарихи зердесі таза, әлеуметтік капиталы қомақты мемлекет қана ертеңгі күні халықаралық қауымдастықтың ортасында зор беделге ие болатындығы айтылды. Отырыстан ата-аналар қауымы құқықтық білім алып, өз ойларын ортаға салып тарқасқандай болды. «Әлеуметтік жаңғыру – ел жаңаруы, ал ел жаңаруы біздер мен сіздерден басталары сөзсіз» бүгінгі отырыстың қорытынды сөзі болды.
Дата: 12.12.2016, 17:03 Автор: №24 мектеп-интернаты