№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын жайлы ақпарат
№24 орта мектебінде «Ел еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» атты салтанатты 1 – 10 сыныптар аралығында жиын өткізілді. Салтанатты жиынды өткізу мақсатты оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Таңғы жиын мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды. Жүргізушілер салтанатты жиынды аша отырып, алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Қ.Ж.Ахметоваға берілді. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні туралы, жалпы Н.Ә.Назарбаев жайлы жан – жақты мәліметтер беріп кетті. Одан кейін салтанатты жиынды мектебіміздегі бастауыш сыныптардан құралған кішкентай хор өздерінің «Қазақстан » атты әнімен жалғастырды. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына маслихат депутатын сайлау рәсімі жүргізілді. «Жас Ұлан» ұйымының Президенті Оразғали Аяулым сөз алып, мектебіміздің мақтанышы, қалалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы Рзаханов Нурисламды маслихат депутаты болуымен құттықтап, мектебіміздің атақ-даңқын асқақтату мақсатында қызмет етуге шақырды. 5-7 сыныптардан құралған үгіт – насихат тобы Елбасы туралы ақпараттар әр түрлі беріп өтті.
Дата: 30.11.2016, 10:44 Автор: №24 мектеп-интернаты