ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Ұлттық валюта күніне байланысты өткізілген іс-шара ақпараты
28.11.2016 жылы 6А сыныбында «Ұлттық валюта –ұлттық мақтанышымыз» атты
ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Тәрбие сағаты мынандай бөлімдерді қамтыды.
І.Миға шабуыл.
ІІ.Тарихи толғау.
ІІІ.Сұрақ-жауап.
ІҮ.Жағдаятты шешу.
Ү.Тығырықтан шығу.
ҮІ.«Тәуелсіз ел –Мәңгілік ел»
ҮІ.Қорытынды.
Әр бөлімнен оқушылар көптеген ақпараттар алып,өз ойларын ортаға салды.Жағдаятты шешу,тығырықтан шығу деген бөлімдерде оқушылар қызығушылық танытып тапқырлық пен шешімін таба білді. Сонымен қатар ұлттық валютамыз теңге эконимикалық нарықта алатын орнына шолу жасады. Оқушылар берілген бөлімдердегі тапсырмаларға белсене ат салысып, «Мәңгілік Ел» тақырыбында эссе жазып қорғады.