№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Ядролық қарусыз әлем күніне арналған іс-шаралар ақпараты
№24 орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Ядролық қарусыз әлем күніне «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында 29 қараша күніне арналған ақпараттық стенд безендірілді. Бүгін 7А-8Б сыныптар арасында «ХХІ ғасыр –ядролық қарусыз ғасыр» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Бұл іс-шара мектебіміздің мұражайында өтті.
Іс -шараның мақсаты:Ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып ой - өрісін кеңейту. Семей полигоны туралы ақпарат беру. Өз ойларын еркін айтуға үйрету. Елін, жерін, сүюге, аялауға, экологияны сақтауға тәрбиелеу болып табылады.
Сынып оқушылары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылы сәуір айында БҰҰ –дағы Манифесінен мағлұмат алды. Сонымен қатар 6А сынып оқушысы Шамсудинова Айжан «ХХІ ғасыр-Соғыссыз ғасыр» тақырыбында жасаған макетін қорғап шықты. Оқушылар өз сөздерінде атом бомбасыныңадамзатқа алып келгенқайғы мен қасіретін айтты. Сонымен қатар, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына да 25 жыл толып отырғанын тілдеріне тиек етті. Бұл полигонның жабылуына ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ағамыз бастаған “Невада- Семей” қозғалысының да үлесінің болғанын әңгімеленді.
Қорытынды:Баршамызға белгілі ғаламшарымыздың экологиялық жағдайы күннен –күнге нашарлап барады. Қазақстан жерін аман – есен сақтап қалу үшін ата- бабаларымыз өз жандарын пида еткен. Қазақстан жерінің әр топырағы қасиетті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Дамыған, қуатты, 50 алпауыт елдің қатарына кіреміз» - деген жоспары Мәңгілік Ел идеясымен шектесіп жатыр. Сондықтан бұл істі жүзеге асыру ұрпақ еншісінде. ХХІ ғасырдың ядросыз ғасыр болуы тек біздің мәселе емес, бұл жаһандық мәселе болып отыр. Біз Тәуелсіз Қазақстан Семей полигонын жауып басқа ядролық қаруы бар мемлекеттер үшін үлгі болып отырмыз.