№24 орта мектебінде 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын жайлы ақпарат
№24 орта мектебінде 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. Салтанатты жиын мектептің мәжіліс залында ұйымдастырып, барлық оқушылар қатысты. Салтанатты жиын ҚР Гимнімен ашылып, 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай 25 басты тәуелсіздік негізі болған Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне бағытталған сөздермен жалғасын тапты. Мектебіміздің 5-8 сынып оқушыларынан құрылған үгіт-насихат тобы тақырып бойынша өз ойларын жеткізе білді. Мектебіміздің директоры Қ.Ахметова оқушыларды , педагогикалық ұжымды атаулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Дата: 23.11.2016, 5:04 Автор: №24 мектеп-интернаты