№24 орта мектебінде ҚР-сы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Желбіреген көк байрағы елімнің...» патриоттық акциясы туралы ақпарат
№24 орта мектебінде «25 жұлдызды күн» тақырыбында Тәуелсіздіктің 25 негізіне арналған іс – шаралар аясында, №2 автобус жолаушыларына «Желбіреген көк байрағы елімнің...» атты патроиттық акция өтті. Еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шараның мақсаты: Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең тарих екенін жолаушыларға өлең жолдары арқылы жеткізу. Сонымен қатар ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу екендігін, ХХІ ғасырға тәуелсіз мемлекет болып аяқ басқанын, Отанымыз Егемен және Тәуелсіз Қазақстан, бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманымыз екендігін Рзаханов Нұрислам, Гусак Александра , Гюл Зарина екі тілде жеткізе білді. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз - егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясы туралы 2 «А» сынып оқушысы Балтабай Нұрдос мәнерлеп, нақышына келтіре оқып берді.
Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.
Шараға разы болған жолаушылар оны ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қошеметтерін көрсетті.