№24 орта мектебінде өткен Нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпарат

№24 орта мектебінде өткен Нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпарат

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде дейді, данышпан халқымыз. Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда.     Осы орайда, салауатты өмір салтын насихаттауда 24 мектептің кәмелет жасқа толмаған оқушылар арасында арнайы шаралар өткізілді. Наркологиялық диспансер әкімшілігінің келісуімен 7-8 сынып оқушыларына «Ашық есік» күні ұйымдастырылған болатын. Оқушылар диспансер лаборатриясында болып, мамандардың адам ағзасына зиянды әсер ететін алкоголь, темекі және басқа да нәрселерді қалай анықтайтынын көріп білді.Сондай-ақ құқықтық сауаттану аясында оқушылар, мұғалімдер мен мектеп кітапханашысы Л.Б.Шолақованың бастамасымен «Қоғамдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты тақырыпта кітап және фотокөрме ұйымдастырылды, тақырыптық лекциялар жүргізілді. 5-6 сынып оқушылары адам ағзасына психоактивті заттардың зияндығы туралы шағын зерттеулер жүргізген болатын.

Дата: 16.11.2016, 6:03 Автор: №24 мектеп-интернаты