№ 24 орта мектебінде www.itest.kz, www.bilimland.kz , www.imektep сайттарын түсіндіру мақсатында іс- шара өтті.

№ 24 орта мектебінде  www.itest.kz, www.bilimland.kz , www.imektep сайттарын түсіндіру мақсатында іс- шара өтті.

Директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары Н.С.Бекмаганбетова ұстаздар қауымына  сайттар бойынша мағлұматтар берді.Бүгінгі мұғалім үшін АКТ –  технология және ақпараттың қарқынды дамуы кезеңінде баланың тілдік, танымдық коммуникативтік қабілетін дамытуға, мотивациясын арттыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ оқушыларға сабақты тиімді де, заманауи үлгіде қызықты да тартымды етіп өткізудің, сабақ сапасын арттырудың құралы.  BilimLand.kz – қажетті оқыту материалдарын бір жерге жинақтаған кешен; үштілді бірегей білім беру ресурсы мұғалімдерге оқыту үдерісіне дайындық барысында уақыт үнемдеуге үлкен көмек көрсетеді. Сайт, сонымен қатар, өтілген тақырыпты пысықтау,бекіту, қорыту және тексеру үшін оқыту ресурстарын түрлі үлгіде түрлендіріп, жинақтауға мүмкіндік берілетіні туралы айтылды.

Дата: 14.11.2016, 8:54 Автор: №24 мектеп-интернаты