№24 орта мектебінде 31.10-05.11 аралығында күзгі демалыста өткізілген іс-шаралар жайлы ақпарат.

   Мақсаты:Күзгі демалыста оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау және оқушыларға  көмек көрсету мақсатында  күзгі демалыс уақытында  іс – шаралар жоспарланып, жоспар бойынша әр түрлі жұмыстар жүргізілу.

01.11 күні бастауыш сынып оқушылары қалалық Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен «Би әлемі» би марафон және «Достар арасында » ойын –сауық   бағдарламасына белсене ат салысты.

06.11 күні 1-4 сынып арасында «Күз-береке, күз-мереке» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Көрмеге сыныптар арасынан 14 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Бірінші орынды 6А сыныпоқушысы Спабеков Рақымжан  иеленіп , қалалық байқауға жолдама алды.

  «Оқуға міндетті 100 кітап» НЗМ іс-тәжірибесін тарату мақсатында мектеп кітапханасында арнайы кесте бойынша мектеп оқушыларына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 48 оқушы ат салысып, оқыған кітаптарының тізімін құрып, жыл соғына дейін 100 кітапұа толтыратындықтарын айтты.

Мектебімізде «ЭКСПО-2017» оқушылар көзімен тақырыбында сайыс ұйымдастырылып, республикалық деңгейде жеңімпаздарда анықталды. Олар Спабеков Ерасыл 1 орын, Көмек Аяжан 1 орынды иеленді.

      05.11. күні 8 – 9 сыныптар аралығында «Мен терроризмге қарсымын!» тақырыбында акция  жүргізілді. Мақсаты балалар арасындағы қарым – қатынасты  нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарылату, тәрбиелік негізін дәріптеу. Акция  барысында әр түрлі тапсырмалар орындалды. Оқушылар шығармашылық жағынан осы тақырып төнірегінде эссе жазып, өз ойларын ашық және еркін жеткізе білді. Аталған акцияға сай оқушылар  шеберлік танытып түрлі  суреттер салды.

          03.11 күні мектебімізде 8-9 сыныптар аралығында «Заң біреу және ол бәрімізге бір » атты дөңгелек үстел өткізілді.Оқушыларға құқық негіздері бойынша ақпарат берілді. Тек мектептегі емес қоғамдық орындағы өз құқықтарымен міндеттерін ортаға салып өз ойларын танытты.

    

  

   Қалалық жоспарға сай 9 сыныптар қалалық кәсіби сынамаға  Балқаш сервис колледжі және Р.Қошқарбаев атындағы колледжға барды.  Колледж мамандары 9 сынып оқушыларына оқу орны жайлы ақпараттандыра отырып, мамандық бойынша тәжірибе жүзінде де көрсетті.

  

  НЗМ тәжірибесін тарату және оқушыларға кәсіптік бағдар беру  мақсатында «10 күн ата-анамның кәсіпорнында» әлеуметтік жобасы бойынша 8А сынып оқушысы Байманкұлова Назым анасының жұмыс орнына саяхат жасап, анасы еңбек ететін ұжыммен танысып келді.

«Ертегілер елінде» тақырыбында «Айбөбек» шағын орталығында   оқушылардың  ұйымдастыруымен  қуыршақ театры өтті. Театрдың кейіпкерлері 3-4 сынып оқушылары болып, «Бауырсақ» , «Түлкінің айласы» тақырыбында қойылымдар қойылды.

     

   «Сыбдыры сұлу, Алтын күз» тақырыбында 5-9 сынып арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 17 оқушы қатысып, «Күз» , «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыптарында бақтарын сынап , жеңімпаздарда анықталды.

   №24 орта мектебінде  8-10 сыныптар арасында «Мен өз елімнің патриотымын!» тақырыбында әскери- спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға «Самұрық» әкелер кеңесінің мүшесі  Абдибеков Асхат және  мектебіміздің АӘД жетекшісі Ибышев Р.Н  жетекшілік етті. 

Дата: 7.11.2016, 3:03 Автор: №24 мектеп-интернаты