«Менің құқықтық алаңым» тәрбие сағаты туралы ақпарат
№24 орта мектебінің 5 «Ә» сыныбында 20 қазан күні «Менің құқықтық алаңым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: бала құқықтары, оларды сақтау, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.Ең алдымен психологиялық сәтте оқушылар шеңбер құрып, сыйқырлы «кешіріңіз», «өтінемін», «ғафу етіңіз» деген сөздер арқылы мұғалімнің берілген тапсырмаларын орындады. Тренинг – жаттығу барысында алған әсерлері туралы оқушылардан өз ойларын білдірді. Жаттығудан кейін оқушылар геометриялық фигураларды таңдау арқылы екі топқа бөлінді. Оқушылар орнына орналасып болғаннан кейін «Құқық деген не?» және «Міндет деген не?» тақырыптарында, сонымен қатар «Заң» туралы мұғалім ақпарат беріп кетті. Одан кейін«Жағдаятты шешу» бөлімінде екі топқа сұрақтар беріліп, топтың ортасынан бір оқушы шығып өздерінің пікірін білдірді. «Жылдар сөйлейді» бөлімінде балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет ететіні туралы, Қазақстанда балалардың құқығын қорғау үшін арнайы күндер берілгендігі туралы айтылып өтті. «Ассоциация» бөлімінде «Бала құқығы , «Оқушы міндеттері» тақырыптарында оқушылар постер жасап, топ басшысы оны қорғап шықты.
Дата: 21.10.2016, 11:36 Автор: №24 мектеп-интернаты