№24 орта мектебі бойынша Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебі бойынша Мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

Іс – шараның мақсаты:

-         мұғалім мамандығына деген сый – құрмет; мектеп дәстүрлеріне;

-         барлық оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу;

-         тәртіптілікке баулу.

    №24 орта мектебінде  жоспарға  сәйкес   мұғалімдер күнін тойлауға арналған іс-шаралар жоспары құрылды.

    Мұғалімдер күні қарсаңында   «Ұстаз -есімі биік, әрі мәңгі » тақырыбында мектеп фойесінде педагогтарға деген құттықтау мен алғыстар жазылған мектеп парақша  мен газетін шығару  1-10 сыныптар арасында ұйымдастырылды.

     «Жасұлан» ұйымының белсенділері және мектебіміздің президенті Аяулым Оразғалиева таңертеңгілік ұстаздарды қарсы алып, «Ұстаздар ұлылардың ұлысы...» тақырыбында үгіт-насихат тобын құрып, мерекелік құттықтау дайындады. .7-9 сынып ұлдары сағат 07.30-да мектептің фойесінде    мерекелік кештің шақыру қағаздарын таратты.

    Салтанатты жиында  12А сынып атынан  жас мамандар Тусипбекова М.А, Нұртаза Д.А мәнерлеп оқып, педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс, оқушыларға биылғы оқу жылында үлкен жетістікке жетулеріне тілектер айтты.

     Өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілігімен 2-8 сынып арасында ашық сабақтар ұйымдастырылып, оқу екпінділері Пашинский Антон, Насурладина Сабина 12А сыныбында «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ  өткізді. Мұғалім мамандығының қиындығын мен ауырпалығын сезінгендіктерін   айтып өз ойларымен бөлісіп, мектеп ұжымындағы педагогтарға алғыс білдірді.

«Ұстаз болу жүректің батырлығы... » тақырыбында «Жасұлан» ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.

  Мерекелік іс-шараларда мектеп оқушылар мұғалімдерді  би билеп , кошемет көрсете отырып ,өз өнерлерімен тәнті етті. 

          Мерекелік концертте «Кәусар» кіші хоры, «Қызғалдақ» қыздар вокалы,   сондай-ақ 1А сынып оқушысы  Орал Ержігіт , 2А сынып оқушысы Балтабай Нұрдос, 3Б Гусак Александра , 5Б сынып оқушылары   т.б оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Концерттің соңында оқушылардың қолымен дайындалған естелік сыйлықтар таратылды.

  

Дата: 3.10.2016, 2:57 Автор: №24 мектеп-интернаты