№24 орта мектебінде «Отбасы – бақыт мекені » тақырыбында Отбасы күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша ақпарат

№24 орта мектебінде «Отбасы – бақыт мекені » тақырыбында Отбасы күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша ақпарат

Іс-шаралар мақсаты: Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.

  Апталық шеңберінде бірнеше іс-шаралар жоспарланып, өткізілді. «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында ақпараттық стенд жасалып, іс-шара жоспары ілініп, «Отбасы- өмірдің мәні» тақырыбында оқушылар шығармашылығынан  сурет көрмесі жасалды.

«Берік отбасы – адамның сенімді тірегі» тақырыбында 2-10 сынып арасында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында «отбасылық құндылық», «қазіргі замандағы қоғамдағы отбасы орны»  тақырыбында сөз қозғалып, жоғарғы сынып оқушылары өз ойларын ортаға салды.

08.09 күні  «Отбасы тыныштығы» тақырыбында Балқаш қаласы ІІБ полиция майоры А.А.Каримовамен 9-10 сынып оқушылары және ата-аналар арасында кездесу үйымдастырылды. Кездесуде полиция майоры А.А. Каримова  отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық төңірегінде  сөз қозғап, әйел азаматшаларды қорғайтын заңдар бойынша айтты.

09.09. күні «Отбасы –өмір мәні» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында шығарма сайысы ұйымдастырылды.

10.09 күні «Отбасылық дәстүрлерді сақтау мен жастарға  үйрету – аға буынның қасиеті борышы » тақырыбында кездесу өтті. Кездесуді «Кәусар » аналар клубының мүшелері ұйымдастырды.

№24 орта  мектебінде қыркүйек айының 10 жұлдызында Отбасылық Тәрбиелеу Институтының ұйымдастыруымен «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы   Республикалық ата – аналар конференциясы өтті. Конференцияға мектеп табалдырығын алғаш атаған оқушылардың ата – аналары қатысты. Конференцияның басты мақсаты мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау, ата – аналарға бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен оңтайлы өтуіне көмектесуіне ақыл – кеңестер беру. Конференция барысында бірінші сынып оқушыларында мектепке дайындық кезеңі мен  оқудағы алғашқы айлар қиын кезең екендігі туралы айтылып өтті. Бала үшін бірінші сынып  бұл расында да үлкен өзгерістер уақыты.Осындай қиындықтардың алдын алу үшін баланың мектепте білім алуға бейімделуінің ерекшеліктерінің зерттеулеріне арналған психология мен педагогиканың атқарған жұмыс көлемімен таныстырылды. Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керектігі және балаға көмек керек, бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж екендігі туралы толықтай түсіндірілді.Сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керектігіне ата – аналар қауымы конференция барысында көздері жетті. Сонымен қатар бала тәрбиесіне оң ықпал ету үшін мектеп, ұстаз, ата – ана бірлесе отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасау керектігін түсінді.Осы сияқты ата – аналарға арналған жиналыстар, конференциялар жиірек ұйымдастырылса бала тәрбиесімен дұрыс айналысуға оң ықпалын тигізер еді деген ойларын айтып,  ұйымдастырушыларға ата – аналар атынан үлкен алғыстарын білдірді.

Дата: 11.09.2016, 9:46 Автор: №24 мектеп-интернаты