«Абайлаңыздар, балалар!» акция аясында өткен іс-шаралар бойынша ақпарат

«Абайлаңыздар, балалар!» акция аясында өткен  іс-шаралар бойынша ақпарат

Акцияның мақсаты:Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға , жолда жүру ережелерін білуге тәрбиелеу.

  №24 орта мектебінде  «Абайлаңыздар, балалар!» акциясы аясында іс-шаралар жоспары  құрып, өткізілді.  

    02.-05.09 аралығында «Жолдағы қауіпсіздік біз үшін!» сурет көрмесі өтті. Жеңімпаздар анықталып, дипломмен марапатталды. 

02.09 күні «Жолдос көмекке асығады» фильмі 1-4 сынып арасында көрсетілді . Бастауыш сынып оқушылары аса қызығушылықпен фильмді тамашалай отырып, фильм жайындағы өз пікірлерін қағаз бетіне түсірді. Фильм соңында сынып жетекшілер түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

    «Біз- жолдағы қауіпсіздік үшін!»,«Мы – за безопасность на дороге!»  тақырыбында  сынып сағаттары, әңгімелесу сабақтары барлық сыныптарда өтті. Сынып сағаттарына оқушылар белсене ат салысып, ЖЖЕ бойынша білімдері сынады.

03.09 күні «Балалар арасындағы жол жарақатын алдын алу шаралары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа барлығы 72 ата-ана қатысып, мектеп инспекторы Дергачев А.Е, темір жол саласының  инспекторы Ж.Т.  Джангутиев қатысып, баяндама жасады.

  

    Мектеп инспекторы Дергачев А.Е  2015-2016 жылдардағы Балқаш қаласында орын алған жол апаттарына тоқталса, темір жол саласының инспекторы Ж.Т.Джангутиев темір жол бекеттеріндегі алдын алу ережелерін айтып өтті

Сонымен қатар, 5Б сынып жетекшісі И.Д.Абеуова «Ата-аналар ,есте сақтайық! » тақырыбында баяндама жасап, тақырып аясында таратпа қағаздар таратылды.

03.09 күні  «Абайлаңыздар, балалар!» тақырыбында таңертеңгілік жиын өтті. Жиынды  мектебіміздің президенті Оразғали Аяулым жүргізіп,  «Жасұлан» ұйымының белсенділері  ақпараттандыру мақсатында үгіт-насихат жүргізді.

  

    Сондай –ақ , мектебіміздің «Жас инспекторлар» үйірмесінің мүшелері , «ЖасҰлан» ұйымының белсенділерінің көмегімен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып,1 сынып оқушыларымен жолда жүру ережелерін пысықтау мақсатында жүргінші және көлік жолдарына  шығып , ережелермен таныстырылды. 

Дата: 5.09.2016, 10:26 Автор: №24 мектеп-интернаты