№24 ОРТА МЕКТЕБІ БОЙЫНША 1 - ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНІҢ ӨТКІЗІЛУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

№24 ОРТА МЕКТЕБІ БОЙЫНША  1 - ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІНІҢ ӨТКІЗІЛУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 Мақсаты: «Мәңгілік Ел» патриоттық  актісі  аясында    «Мен өз елімнің патриотымын!»  өскелең ұрпақты патриотизмге және толеранттылыққа тәрбиелеу.Білім алушыларға туған елінің тарихи-мәдени мұрасын және қазіргі жетістіктерін меңгеруге, балалар мен білім алушы жастарға өз елінің өркендеуіне үлесін қосуға көмектесу.Білім күнінің дамытушылық және оқытушылық мақсаты-балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті ықпал ету.  Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, Елбасының саясатын насихаттау мақсатын жүзеге асыруда   жаңа оқу жылының  салтанатты жиыны сағат 10.00-де басталды.Салтанатты жиынға  мектептің педагогикалық ұжымы, ата-аналар , оқушылар толығымен жиналды. Салтанатты мерекемен құттықтау ұшін мәртебелі қонақтарда келді. Олар Балқаш қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Капашев және білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Ә.Б.  Айтжанова. Балқаш қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Капашев мектеп табалдырығын жаңа аттаған  бүлдіршіндерді Білім күнімен  құттықтап,   білім саласына өз үлесін қосатын білімді ұрпақ болуларына ықылас білдірді.    Білім күніне арналған салтанатты жиын  «Мен өз елімнің патриотымын»   тақырыбында өтті.

Келесі құттықтау сөзді мектебіміздің  директоры Қ.Ж.Ахметова  ала отырып, білім сапасын арттырудағы  игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін , шығармашылық табыстар тіледі.«Мәңгілік ел:Мәні қандай керемет!» тақырыбында үш тілде қалалық , мектепішілік мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпаздары өлеңдерін арнады. Тәуелсіздік символы , тұрақтылық пен бейбітшіліктің нышаны , тамырын терең жайған Еліміздің жүрегі бас қаламыздағы Бәйтерек қонаққа келіп,      мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің тілектерін тыңдап ,әдеби-шығармашылық қойылымның куәгері болды.  Қойылым соңында  Отанға , туған жерге деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен білдіре отырып, аспанға  бейбітшіліктің белгі көгершіндер ұшырылды. Бүгінгі жас буын үшін ең негізгі мәселе – білім сапасын арттыру, тәрбие тәлімін жетілдіру. Білім жастарды кемел келешекке жетелер болса, ұлттық тәрбие ұрпақ ертеңі болмақ. Сол білім саласына титтей де болса өз үлесін қосу үшін 2016-2017  оқу жылында мектебімізге  4  жас маман келді. Келген жас мамандарды кәсіподақ ұйымы құттықтады. 1-10  сынып арасында «Мен өз елімнің патриотымын»,   тақырыптарында   сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарына мектеп әкімшілігі, ардагер ұстаздар қатысты.

Дата: 2.09.2016, 2:59 Автор: №24 мектеп-интернаты