«Ақ орамал» акциясы бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат.

«Ақ орамал» акциясы бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат.

    Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен  ІV Саммитінде  «Манифест. «Бейбітшілік.21 ғасыр.» тақырыбында сөйлеген сөзін негізге ала отырып,     №24 орта мектебінде 26,27,29 тамыз аралығында акция бойынша іс-шаралар жоспарланып, өткізілді.

   26.08 күні «Кәусар» аналар клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал- достықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында ақ жаулықты аналарымыз «ақ орамалдың» қасиетін , қазақ халқы үшін қандай мәні барын ашып айтты.

        29.08 күні «Жер – бейбітшілік мекені»   тақырыбында  «Кәусар» аналар клубының белсенді мүшелері және  қыз балалары  қаламыздағы «Мәңгілік алау»басына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. 

Дата: 31.08.2016, 8:01 Автор: №24 мектеп-интернаты