1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс – шара туралы ақпарат

1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік  іс – шара туралы ақпарат

№24 орта мектебінде   «Біз – болашақтың гүліміз» тақырыбында 1маусым  - Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік  іс – шара болып өтті. Іс – шараның басты мақсаты балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре  айтуға үйрету, бірін- бірі сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін  жоғалтпауға  тәрбиелеу.  Сонымен қатар балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. Іс – шара ең алдымен балалармен амандасып, төл мерекелерімен құттықтаудан басталды. Әр түрлі жұмбақтар жасырылып, мерекеге байланысты өлеңдер айтылып, әндер шырқалды. Ойын ойнағанда балалар бір – бірінен қалыспай, белсенділік танытты. «Мен Қазақстанды сүйемін!» тақырыбында флэшмоб ұйымдастырылып, әр түрлі музыка ырғағымен қимылды қозғалыстар жасады. Іс – шара соңында «Мен өз елімнің бақытты баласымын...» атты асфальтта сурет салу сайысы ұйымдастырылып, лагерь тәрбиеленушілері үздік көрсеткіш көрсетіп, белсене атсалысты.

Дата: 2.06.2016, 7:57 Автор: №24 мектеп-интернаты