№24 орта мектебі бойынша 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға өткізілген конференцияның ақпараты

№24 орта мектебі бойынша 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алуға өткізілген конференцияның ақпараты

31 мамыр- саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандарын еске алуға арналған  конференция 9 сыныптарда өткізілді. Іс-шараға 24 оқушы қатысып , «Карлаг: адамдар мен тағдырлар» , «Алжир » тақырыбында бейнефильмдер көрсетілді.

География және биология пәнінің мұғалімі Б.Е.Садуов сөз алып, тарих беттеріне шолу жасап, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық  құрбандары жайлы құнды ақпараттар береді.    Конференцияның модераторы мектебіміздің директоры Қ.Ж.Ахметова сөз соңында    бүгін  біз өткен ғасырдың 30-шы жылдарында отаршыл  жүйенің озбырлығынан   еліміздің   бастан кешкен трагедиясы  - ұлы  нәубет құрбандарына тағзым етіп,   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы карсаңында Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Мәңгілік ел» патриоттық актысын жайлы айтып өтті.     Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығында жеткен  жетістіктеріміздің  негізі болған бірлік пен келісім  саясаты.  Қайғы –қасыретсіз ашық аспан , бірлік пен тұрақтылық – алға дамудың басты кепілдері екендігін ашып айтты.   

Дата: 31.05.2016, 6:44 Автор: №24 мектеп-интернаты