«Соңғы қоңырау-2016» мерекесі туралы ақпарат

«Соңғы қоңырау-2016» мерекесі туралы ақпарат

Қызығы мен думаны мол, әр жылы қайталанбас оқиғаларға толы оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектеп мерекесі - соңғы қоңырау Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін №24 орта мектепте ерекше салтанатпен аталып өтілді. Кеше ғана тұлымдары желбіреген,  жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздардың ойы толысып, бойы өсіп алтын ұя мектебімен қимай қоштасқалы тұр. Бұл күн мектеп бітіруші түлектер жүрегінде мәңгілік сақталары анық. Барлықтарының жүзінен қуаныш пен қимастықтың табы байқалады.

2015-2016 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған  « Сыңғырла, соңғы қоңырау!»атты  салтанатты жиын   1-9  сыныптар  арасында мектеп ауласында өткізілді.   Мектебіміздің география және биология пәнінің мұғалімі Садуов Б.Е құттықтау сөзін айтып , жылы лебізін білдірді.

Мектептің «Самұрық» үгіт-насихат тобы  ҚР-сы Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына, «100 нақты қадам» ұлт жоспары, «Мәңгілік ел» ұлттық идея тақырыбында насихат жүргізді.

9 жыл тәлім тәрбие берген ұстаздар мен ата-аналарына  мектебіміздің 9А,б сынып оқушылары сөз алып, жылы лебіздерін білдіріп, «мектеп», «ұстаз» , «ата-ана» тақырыбында өлең жолдарын арнады.

Мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындатқан пән мұғалімдеріне мектеп бітіруші түлектер қи­мас­тық­қа және ал­­ғысқа толы ле­­біздерін біл­діріп,  алғыстарын айтты.

  

 

   Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде табысты жетістіктерге жеткен мектебіміздің дарынды оқушылары мен оқу үздіктерінің шеруі ұйымдастырылып, алғыс хаттар мен мадақтамалармен марапатталды.

  

Соңғы қоңырау рәсімі  оқу үздігі 1А сынып оқушысы Байжанова Інжу және облыстық, қалалық сайыстардың жеңімпзы Рзаханов Нұрислам тапсырылды.

  

\

Дата: 25.05.2016, 11:12 Автор: №24 мектеп-интернаты