№24 орта мектебінде Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат

№24 орта мектебінде  Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар жайлы ақпарат

04.05.2016 жылы «7 мамыр –Отан қорғаушылар күні» қарсаңында Жасұлан ұйымының белсенділерінің көмегімен салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында мектебіміздің қыз балалары ер балаларды құттықтап, өлең жолдары мен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

«Ұрпақ сұқбаты» акциясы аясында «Жасұлан» ұйымының белсенділері және тимуршылар командасының мүшелері тылда еңбек еткен ардагеріміздің үйіне барып, үй жұмыстарына қол ұшын беріп, мерекемен құттықтау шараларын өткізіп, оқушылардың қолынан жасалған естелік сыйлықтарын тарту етті.   

05.05.2016 жылы «Мен қазақтың сарбазымын» тақырыбында патриоттық әндер сайысы 5-9 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып, жеңімпаздарда анықталды. 1 жүлделі орынды 9А сынып оқушысы Айтқожаев Дастан иеленді.

«Отан қорғаушылар –мемлекеттің қабілетінің кепілі» тақырыбында   АК-159 /21 мекемесінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  аға лейтенан А.Х.Айтжанов және «Самрұқ» әкелер кеңесінің мүшелерінің көмегімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектебіміздің ер балаларының әкелеріне және 7-9 сынып оқушыларына Қостанай әскери академиясы бойынша кәсіптік бағдар берілді.

              

  

2016 жылдың мамырдың  06–шы жұлдызында №24 орта мектебінде Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай мерекелік концерт  өтті. Іс-шарада  мектебіміздің директоры Қ.Ж.Ахметова тыл ардагерлерін айтулы мерекелерімен құттықтап,барлық жақсылықтармен, ұзақ ғұмыр тіледі.   Оқушылардың соғыс уақытындаға көріністі бейнелейтін    сахналық   қойылымдары , мәнерлеп оқыған өлең жолдары және ән шашулар ардагерлердің көңілінен шығып, алғыстарын білдірді. Кеш соңында  оқушылар өздерінің қолдарынан дайындаған сыйлықтарын тарту етті.

  

Дата: 8.05.2016, 9:37 Автор: №24 мектеп-интернаты