«1 мамыр- Халықтар достығы, бірлік, ынтымақ күніне» арналған іс – шаралар туралы ақпараты
1 мамыр мерекесіне арналған іс – шаралар сәуір айынан басталды. Оқушылар арасында «1 мамыр - Халықтар достығы, бірлік, ынтымақ күні» аттысурет көрмесі ұйымдастырылды. Мектепішілік сурет көрмесіне 1 - 9 сынып оқушылары өз суреттерін ұсынып, үздік деп танылған суреттер көрмеге ілінді және мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Бір ел! Бір тағдыр!» тақырыбында мектебімізідің кітапханашысы кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме барысында оқушылар Қазақстан Республикасының ассемблеясы туралы, ұлттар достығы туралы құнды ақпараттар алды.
1-11 сынып аралығында «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету мақсатында өткізілген сынып сағаттарында оқушылар халықтар достығы, ынтымақ тақырыбында өз ойларын ортаға салды.
Мереке қарсаңында «Бір шаңырақ астында, туысқанбыз бәріміз!» атты салтанатты жиын өткізіліп, «Жас Ұлан» ұйымына 5 сынып оқушыларыь қабылданды. Оқушылар мектеп ұстаздары мен оқушыларының алдында өз анттарын берді. Мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Асылбекова Мереке Серікқызы «Жас Ұлан» ұйымына өткен оқушыларды құттықтап, өз ізгі тілегін білдірді. Оқушылардың төс белгілері мен галстуктарын байлау рәсімі мектеп ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларына берілді.
«Ынтымағы жарасқан, туған өлкем-Қазақстаным» тақырыбында 7-9 сыныптар арасында шығарма сайысы өтті.Жалпы шығарма байқауы өз деңгейінде, өте мазмұнды және қызықты болып өтті. Шығарма байқауының негізгі мақсаты:Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету және Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыра отырып көркем шығарма арқылы шеберліктерін арттыру. Шығарма байқауына оқушылар белсене қатысып, өздерінің осы тақырып жайлы ойларын, білгендерін ашып жаза білді. Байқау қорытындысы бойынша 8 - сынып оқушысы Насурладина Сабина мен 9 - сынып оқушысы Рзаханов Нурисламның жазған шығармалары жоғарғы деңгейде бағаланып, әкімшілік тарапынан мадақтау қағазымен марапаталды.
«Күш бірлікте!» атты спорттық сайыстар ұйымдастырылып, тартысты өтті. Жарыс барысында белсенділік танытып, орын алған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен флэшмоб ұйымдастырылды.
Жалпы мектеп бойынша «1 мамыр – Халықтар достығы, бірлік, ынтымақ күні» мерекесіне арналған іс- шаралар толығымен орындалды.
Дата: 5.05.2016, 6:16 Автор: №24 мектеп-интернаты