Қалалық «Ұлы Абай ізімен» атты Абай оқуы...

Қалалық «Ұлы Абай ізімен» атты Абай оқуы...

 Сәуір айының 23 күні № 9 орта мектеп негізінде қалалық деңгейде «Ұлы Абай ізімен» атты Абай оқуы өткізілді.

Мақсаты: мектеп оқушылары арасында Абай шығармаларын насихаттау; жалпы білім беретін орыс  тілді оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту; оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтықа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.  

Байқауға 5-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау үш номинация бойынша өткізілді:

1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай, Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу;

2. «Көңілім әнді ұғады» – Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау;

3. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар байқауы – өз шығармаларын орындау.

Осы байқауға мектебіміздің 9 сынып оқушысы Рзаханов Нұрислам  қатысып  1 орынды иеленді.

Дата: 27.04.2016, 5:42 Автор: №24 мектеп-интернаты