№24 орта мектебінде 23 сәуір күні жүргізілген облыстық « Таза сенбілік» туралы ақпарат

№24 орта мектебінде 23 сәуір күні жүргізілген облыстық « Таза сенбілік» туралы ақпарат

23 сәуір күні №24 орта мектебінде мектеп ауласын ретке келтіріп, қоқыстарын тазалау мақсатында облыстық « Таза сенбілік» ұйымдастырылды.  «Қаламның көркейуі менің қолымда!» ұранымен «Жасұлан» , «Мұрагер» ұйымы белсенділерінің көмегімен салтанатты жиын өткізіліп,   5-9 сынып оқушылары , мектеп педагогтары мен кіші қызметкерлер қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізу маршруттарымен танысты.   Барлық қатысқаны - 115 оқушы ,30 мұғалім және 9 кіші қызметкер.

Мектеп айналасындағы қараусыз қалған аймақтарында  мұғалімдер мен кіші қызметкерлер тазалық жұмыстарымен айналысты. Сенбілік барысында бос шөлмектер, пакеттер, қалдық қағаздар, шіріген жапырақтар мен бұтақтардан тазартылды.

Мектеп ауласындағы барлық қоқыстар мен қалдық заттар, пакеттер оқушылар тарапынан жиналып тазаланып, аймақта өсіп кеткен арамшөптер мен жапырақ қалдықтары да арнайы құрал-жабдықпен тырмаланып алынды.   Сондай-ақ балалар ойнайтын футбол алаңы да назардан тыс қалдырмай, әр оқушы ұйымшылдық танытып, бір кісідей жұмысқа етене араласты. Кіші қызметкерлер бордюрларды, талдардың түптерін әктеді.

Дата: 24.04.2016, 18:34 Автор: №24 мектеп-интернаты