№24 орта мектебінде 16 сәуір күні жүргізілген « Таза сенбілік» туралы ақпарат

№24 орта мектебінде 16 сәуір күні жүргізілген « Таза сенбілік» туралы ақпарат

16 сәуір күні №24 орта мектебінде мектеп ауласын ретке келтіріп, қоқыстарын тазалау мақсатында облыстық « Таза сенбілік» ұйымдастыру бойынша сағат 10.00-де салтанатты жиын өтті.

Тазалау жұмыстары  5 – 9 сынып аралығындағы оқушылар , сынып жетекшілері және кіші қызметкерлердің күшімен атқарылды.  Барлық қатысқаны - 111 оқушы ,14 мұғалім және 10 кіші қызметкер.

   Жұмыс барысында мектеп ауласы тазартылып, барлық оқушылар құрал – жабдықтарымен келіп, белсене ат салысты.

Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында мектеп ауласындағы талдар және бордюрлар   кіші қызметкерлердің күшімен әктелді.

Мектеп ауласында сыртындағы  барлық қоқыстар мен қалдық заттар, пакеттер оқушылар тарапынан жиналып тазаланып, аймақта өсіп кеткен арамшөптер мен жапырақ қалдықтары да арнайы құрал-жабдықпен тырмаланып алынды.

  

8А,9А  сынып оқушылары және пән мұғалімдері ағаш түптерін қопсытып, арам шөптерден тазалады.

Дата: 18.04.2016, 3:50 Автор: №24 мектеп-интернаты