Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы»атты қалалық дебат турнирі бойынша ақпарат
31.03.2016 жылы сагат 10.00-де Оқушылар сарайында №24 орта мектебінің жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп қазығы»атты қалалық дебат турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: Шешендік өнер саласындағы дарынды оқушыларды айқындау, мектеп оқушыларын қоғамдық өмірге теориялық және практикалық тұрғыдан дайындау.
Дебаттық турнирге жалпы білім беретін орта мектептердің 7-8 сынып оқушыларынан құралған және мектеп ішінде өткен дебат сайысында жеңіске жеткен топтар қатысты. Дебатта американдық-парламенттік форматта төмендегідей қарарлар болды.
1. б.п ұлттық салт-дәстүрлер тәрбиенің бастамасы деп есептейді.
2. б.п ұлттық құндылықтарымыз өскелең ұрпақтың бойында болса артық деп есептейді.
3. б.п патриоттықты ұлттық құндылықтар арқылы анықтайды деп есептейді
4.б.п ұлттық мерекелер арқылы баланың тәрбиесі артады деп есептейді.
Берілген қарарлар бойынша 9 мектеп бақтарын сынады. Дебаттық турнирге қалалық «Жұлдыз» дебаттық клубының жетекшісі Е.А.Аринов топ мүшелерімен қазылық етті. Ойын барысында қатысушы командалар мазмұнды ,құнды ақпарат бере отырып, көрермендер мен әділқазылар алқасының көңілінен шықты. Ойын соңында жеңімпаздарда анықталды. 1 жүлделі орынды №15 мектеп лицейінің командасы иеленсе, 2 жүлделі орынды 9 орта мектебінің командасы, 3 жүлделі орынды №24 орта мектебі мен №25 орта мектебінің командалары еншіледі. Ойын барысында «Үздік спикер» номинациясымен №9 орта мектебінің Елшибеков Сержан марапатталды.
Дата: 2.04.2016, 4:34 Автор: №24 мектеп-интернаты