Размер шрифта:

24 орта мектебінде бойынша «Наурыз мейрамы-2016» мерекесіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

24 орта мектебінде бойынша  «Наурыз мейрамы-2016» мерекесіне арналған іс-шаралар жайлы ақпарат

Мақсаты:   Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды  кеңінен насихаттай отырып, оқушыларды  ұлтжандылыққа , мейірімділікке тәрбиелеу және  халқымыздың салт – дәстүрі ,   әдеп – ғұрыптарымен  таныстыра отырып , халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу. 

«Наурыз – жаңа күн, жаңа өмірдің бастауы» тақырыбындағы оқу кабинеттерін безендіру байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру, этносаралық қатынастар мәдениетіне тәрбиелеу, достық пен келісім атмосферасын қалыптастыру.

Сайысқа барлық сынып бір кісідей ат салысып, жүлделі орындар иеленді.

«Наурыз құтты болсын!»  сурет және газет  байқауы 1-9 сынып арасында өтті.  Іс-шараға 261 оқушы қатысып, мектеп фойесінде сурет көрмесін ұйымдастырды. 2 б сынып оқушысы Дагаева Софиянің жұмысын атап айтуға болады.

  

17.03 күні «Әжелер –отбасының алтын қазығы» байқау 5-9 сыныптың әжелері арасында өткізілді.  Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын дәріптеу және әжелер тәрбиесін болашақ ұрпаққа жеткізу. Әжелер сайысына қазақ сыныптарынан 5А,6А,7А,8А сыныптарының әжелері  мен немерелері қатысты. Өжелер мен немерелері  4 кезеңнен тұратын сайыста өнерлерін ортаға салды. Қазақтың ұлттық өнері ою-өрнектен көрпешелер тігіп, немерелерімен қосылып ән айтып , мақал –мәтелден жарыс додасына түсті.

  

Өте тартысты өткен іс-шараның жеңімпазы да анықталды. Бас жүлде 8 А сыныбының Оразғалиевтар әулеті, 1 орынды Көмековтар әулеті, ІІ орынды Жумабековтар әулеті, ІІІ орынды Есімхановтар әулетінің әжелері немерелерімен иеленді.

18  наурызы күні мектеп кітапханасында «Жыл басы-Наурыз» аттты кітап көрмесі  ұйымдастырылды.  Мақсаты:   Қазақтың  мейрамдары Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;

Осы көрмеде оқушылар «Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз оқып өздерінің ойларын ортаға салды.  «Наурыз неге  жыл басы» «Наурызды кім қалай тойлаған»  «Наурыз атаулары, Наурыз көже» «Ұлттық ойындар ойнау» тақырыбында  оқушылар мәлімет берді.

18.03 күні 1-9  сыныптар аралығында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»сынып сағаттары өтіп, 8А сыныбында ашық тәрбиелік іс-шара өтті.  . Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт – дәстүрі, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт – дәстүрін қастерлеуге, толеранттылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттарына 20 оқушы қатысты. Сонымен қатар ата-аналар қауымы белсене ат салысып, іс-шара барысында ролдік  қойылымдарға қатысты. Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Қазақ елі - ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Олар: орыстар, өзбектер, ұйғырлар, кәрістер, гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату – тәтті өмір кешуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты екені туралы да жан – жақты мағлұматтар берілді.

Әрі қарай тәрбие сағатының барысы қазақ халқының салт – дәстүрлерін ұғындыру, көрсету мақсатында аздаған көріністермен жалғасты. Бұл жерде «Наурыз мейрамы» туралы айтылып өтті. Сонымен қатар «Наурызнама», «Наурызкөк», «Наурызша», «Ұйқыашар» сияқты салт – дәстүрлер айтылып, көрсетілді. Соңында ортаға бір бала шығып «Сақина салу» ойынын ойнатты.

Жоспарға сай айтулы іс-шараның бірі «Үздік ауыл» сайысы болды.   2015-2016жылдарда мерей тойлары тойланып жатқан ақын , жазушылар, өнер қайраткерлері және батырлардың ауылына бөлініп, сайысқа түсті.

1.     1А сынып- Қалнияз Шопықұлы  ауылы, 200 жыл

1Ә,4Ә сыныптары –Мұхит Мералыұлы ,175 жыл

1Б-4Б сыныптары- Исатай Тайманұлы, 225 жыл

2А,3А,4А сыныптары-  Шоқан Уалиханов , 180 жыл

5А сын-Ы.Алтынсарин ,175 жыл

5Б,7Б сыныптары- Әлихан Бөкейхан ,150 жыл

6А сынып- Жамбыл Жабаев , 170 жыл

7А сынып- Олжас Сүлейменов ,80 жыл

8А сынып- Абай Құнанбаев , 170 жыл

8Б,9Б сыныптар- М.Ғабдуллин, 100 жыл

9А сынып- Б. Момышұлы, 105 жыл

Сайыстың шарты бойынша  1 кезеңде «Қонақты қарсы алу» кәдесі, 2 кезеңде ақын, жазушылар шығармашылығынан, 3 кезеңде Ақын –жазушылардың шығармашылығынан мәнерлеп оқу, 4 кезеңде «Бата беру» сайысы өтті. Сыныптар өте жоғары дайындықпен келіп, жеңімпаздар анықталды. Іс-шараға 261 оқушы қатысты.

Дата: 20.03.2016, 3:20 Автор: №24 мектеп-интернаты