«Педагогикалық әдеп қағидалары» туралы өткізілген педагогикалық кеңес туралы ақпарат

«Педагогикалық әдеп қағидалары»  туралы  өткізілген педагогикалық кеңес туралы ақпарат

    «Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі »  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 наурыз 2016 жылы «Педагогикалық әдеп қағидалары» , «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар», «Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже»туралы педагогикалық кеңесөткізілді.  Педагогикалық кеңеске  барлық ұжымдағы мұғалімдер, тәрбиешілер толық қамтылды. Денсаулығына байланысты 3 мұғалім Д.Н.Самбетова, А.Н.Жунусова, Э.З.Серикова педагогикалық кеңеске қатыса алмады. Кеңес барысында күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер бойынша мектеп директоры Қ.Ж.Ахметова  мектептің педагогикалық ұжымын ақпараттандырды. Қағидалар мен ережелерді педагог қызметкерлердің білуі және оны сақтауы кәсіби қызмет пен еңбек тәртібінің сапасын бағалау өлшем шарттарының бірі болып  табылады. Осыған орай , әрбір мектеп педагогына ақпараттық үлестірме қағаз таратылып, ұстаздардың пікірі тыңдалды.

Дата: 12.03.2016, 8:57 Автор: №24 мектеп-интернаты