8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ана – өмір шуағы!» атты іс-шаралар туралы АҚПАРАТ
Мақсаты:8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушылардың бойында инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік қасиеттерге тәрбиелеп, жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
«Аяулы да, алтын нұрлы анашым» тақырыбында 1 - 9 сыныптар арасында фотоколлаж жасаудан байқау ұйымдастырылды. Байқауда оқушылар аналарымен түскен суреттерінен слайд фильмдер құрастырды.
«Қыздар - ай» бұрымдылар сайысы 1-4 сыныптар арасында өткізілді. Сайыстың мақсаты: Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, әдет- ғұрыпын насихаттау. Оқушылардың біліктілігі мен шеберлігін сараптау. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.
Сайыс 3 кезеңнен болды. Бірінші кезеңде өз-өздерін таныстырып, аналарына деген сүйіспеншілікке толы өлең жолдарын арнады. Бұл сайыста 4А сынып оқушысы Берік Ажар топтан дара шығып, өнерін паш етті. Екінші кезеңде отбасының көмегімен халқымыздың салт-дәстүрін қысқаша театрландырылған көрініс көрсетті. Орыс сыныптарында оқитын Құдіретберлі Дилназ қазақтың «Тұсау кесер» салтын егжейлі-тегжейлі түсіндіре отырып, отбасы мүшелерінің көмегімен көрсетті.
Үшінші кезеңде «Өнерім - өмірім» тақырыбында қатысушылар бойға дарыған өнерді көрсете білді. Бірі ән айтып қуантса, бірі би биледі. Сайс тартысты өтіп жеңімпаздарда анықталды. Бас жүлдені 4А сынып оқушысы Берік Ажар иеленді.
«Қыз –өмірдің гүлі» тақырыбында 1-9 сынып арасында оқушылардың өз қолдарымен жасалған қолөнерінен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әр сынып 1 жұмыстан өткізіп, жеңімпаздарда анықталды.
05.03 күні «Көктем шуағы» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырып, шығармашыл оқушылар залды көркемдеді.
Мерекелік іс-шарада мектеп директоры Қазақстан Республикасының Премьер Министрінің орынбасары Д.Н.Назарбаеваның құттықтау хатын мектеп ұжымына жеткізіп, жүрек жарды тілегін айтты. Оқушылар аналар қауымына және қыздарға «Ана», «қыздар» тақырыбында өлең жолдарын оқып, әсем әндерін арнады. Оқушылардың өз қолдарынан жасаған гүл шоқтары ардагер ұстаздар мен аналарға сыйға тартылды.