«Өзін-өзі тану - Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі бойынша ақпарат

«Өзін-өзі тану - Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі бойынша ақпарат

    Балқаш қаласы ЖББ № 24 орта мектебінде  02.02.16 күні «Өзін-өзі тану - Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігінің ашылу жиыны өтті. Мақсаты: оқушыларды  өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге  және жақсы мен  жаманның айырмашылығын   ажырата отырып, өмірлік айқындамасын  белгілей білуге үйрету.  Жиынға  1-9 А, Б  сынып оқушылары қатысып, 5А және 5 Б сынып оқушылары өздері дайындаған өлең жолдарын оқыды. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Абдуллаева А.К. апталықтың жоспарымен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, «Өзін-өзі тану - Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында ақпараттық стенд жасалды. Стендте «Өзін-өзі тану» пәнінің негізін қалаушы С.А.Назарбаева жайлы құнды ақпараттар және  оқушылардың шығармашылық жұмыстары ілінді.

«Тілек бұрышы» айдарымен оқушы, ата-ана және ұстаздар қауымының жүрек жарды тілектері жазылған қабырға стенді көпшіліктің көңілінен шықты. Оқушылар мектеп ұстаздары бір-біріне деген ыстық лебіздерін тақта бетіне ілді.

03.02.16 күні мектеп кітапханасында   «Жүрегі жылуға толы-Сара Алпысқызы»  тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты: «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.Кітапхана залында арнайы бұрыштағы кітап сөрелеріне Сара Назарбаеваның өмірі мен еңбектері жазылған кітап, журналдар қойылды.Көрмені мектептің 1 - 9 сынып оқушылары келіп көріп, ондағы кітап-журналдарды оқып тамашалап, өздерінің түсінбеген жерлерін сұрап, оған қанағаттанарлық жауап алып өздеріне керекті көп мағлұматтар жинап тарқасып жатты.

   04.02.16 күні  мектеп фойесінде «Әлемге ғажайып ретінде қараймын»  тақырыбында  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері  Абдуллаева А.К., Кәрібай Б.Қ. жетекшілігімен    суреттер көрмесі безендірілді. Көрме мақсаты – дарынды балаларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрмеге ана, мейірімділік, достық, бейбітшілік тақырыптарында суреттер мен түрлі апликациялар қойылды

    05.02.16 күні «Ұлттық құндылықтар -  тәрбиенің түп қазығы» атты 7 А-8А сыныптар арасында дебат турнирі өтті.  Турнирдің мақсаты:Шешендік өнер саласындағы дарынды оқушыларды айқындау, мектеп оқушыларын қоғамдық өмірге теориялық және практикалық  тұрғыдан дайындау. Оқушылар белсене ат салысып, тақырып аясында өз ойларын ашық айтты.

   06.02.16 күні 5-9 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Ана туралы өлеңді оқу арқылы анаға деген мейірімін және құрметін ояту. Сонымен қатар оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету; Мектебіміздің 5-9 сынып оқушылары арасында өткен сайыс өте тартымды және жақсы деңгейде өткізілді

  

    08.02.16 күні ... «  Қазақстан халқы Ассамблеясы-  даналық,  мейірімділік пен сыйластықтың кепілі» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты:Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту.
Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз 
үлесітерін қосатын азамат тәрбиелеу.

 11.02.16 күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Абдуллаева А.К. 6А сыныбында « Өнеге отбасынан...» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты:Оқушыларға әңгіме желісі арқылы  отбасы және отбасының құндылығы  туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтарын ашу және түсініктерін кеңейту.

  

   12.02.16 күні 1 «Ә» сыныбында «Қызығы толы бұл әлем» тақырыбында ашық іс-шара болып өтті.Сабақ  шаттық шеңбері, оқушылардың табиғат туралы өлең жолдарымен  басталды. Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлінді: « Қызықтар» тобы мен «Ғажайыптар» тобы. «Мұражайға саяхат» сахналық қойылымы қойылды. «Қуанышты адам» ойыны ойнатылып, дәстүрлі «Жүректен-жүрекке» тренинг жаттығуымен  аяқталды. Сабақ жақсы деңгейде өтті.

Дата: 19.02.2016, 16:26 Автор: №24 мектеп-интернаты