«Жігіт сұлтаны-2016» байқауы

 «Жігіт сұлтаны-2016» байқауы

         

 

Мектептегі «Самрұқ» әкелер кеңесінің мүшелері және өзін – өзі басқару ұйымының белсенділерінің  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай ер балалардың бойындағы жақсы қасиеттерді,  дарынды балаларды анықтау  мақсатында 7-9 сыныптар арасында «Жігіт сұлтаны-2016» байқауы өтті.

I.Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

1. Оқушыны сахнада өзін мәдениетті ұстауға үйрету.

2. Өзара мәдениетті сөйлесуге баулу.

3. Әдептілік пен сұлулыққа үйрету. 

4. Оқушылардың білімдерін, біліктілігі мен шеберлігін сараптау.

5.  Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын насихаттау.

 Байқау бес кезеңді құрады.

       Бірінші кезеңде өзін – өзі таныстыру. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда...»   (өзі,мектебі, сыныбы жайлы айту)  Бұл сайыста  үміткер 6 оқушы бақтарын сынады. Атап айтсақ , 8А сынып оқушысы Бейсекеев Ануар сыныптастарының көмегімен қойылым қоя отырып таныстырды.

         Екінші кезеңде  үй тапсырмасы. «Шеберлікке шек жоқ...» (қол өнер бұйымын дайындау).  Бұл сайыста үміткерлер өз қолдарынан жасаған әшекей бұйымдармен қатар әр түрлі қолөнер жасау техникаларын меңгергендерін байқатты. 8Б сынып оқушысы Ким Александр бала жасынан ағаш кашап, жан-жануарлардың  мүсінін жасаумен айналысады екен. Өзі жасаған мүсіндерді таныстырып, өнерін ортаға паш етті.

         Үшінші кезеңде «Білімді мыңды жығар...»  (әр түрлі тақырыптардағы сұрақтарға жауап беру).  Қатысушылардың  білімдерін тексеру мақсатында ҚР-сы Президентінің халыққа Жолдауынан, биылғы тойланып отырған атаулы мерекелер төңірегінде және «Мәңгілік ел» құндылықтарын жатқа айтып бақтарын сынады.

Төртінші кезеңде «Шынықсаң шымыр боларсың!» (спорттық сайыс)

Бұл сайыста денешынықтыру пәнінің мұғалімі Р.Естайдың жетекшілігімен гир көтеру , қол күрестіру және т.б  спорттық  жарыстардан өнерлерін көрсетті.   6 үміткерден 8Б сынып оқушысы Ким Александр барлық спорттық сайыста белсенділік танытып , жоғарғы ұпайды еншіледі.

      Бесінші кезеңде «Сегіз қырлы, бір сырлы» (ән – би, өз шығармашылығы, аспапта ойнау, т.б.)  сайысында қатысушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. 9А сынып оқушысы Рзаханов Нұрислам қазақтың ұлттық аспабы домбырада атақты қазақ елінің күйшілерінің күйлерінен попурри орындаса ,8А сынып оқушысы Бейсекеев Ануар дәстүрлі әндер айтып  шеберлік танытты.  Сайыс соңында жеңімпаздарда анықталып, Бас жүлдені 8А сынып оқушысы Бейсекеев Ануар еншілесе, І орынды 9А сынып оқушысы  Рзаханов Нурислам, ІІ орынды 7А сынып оқушысы Есімханов Дильжас, ІІІ орынды 8Б сынып оқушысы Ким Александр алды. Қалған қатысушылар номинациямен  марапатталды.

Дата: 19.02.2016, 16:02 Автор: №24 мектеп-интернаты