«Жақсылық жаса!» акция аясында ұйымдастырылған іс-шараның ақпараты

«Жақсылық жаса!» акция аясында ұйымдастырылған іс-шараның ақпараты

№24 орта мектебінде бекітілген жоспар бойынша «Жақсылық жаса!» акциясы өтуде. Акцияның мақсаты:   Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

 7А сынып оқушылары сынып жетекшілерімен  бекеттегі дүкен қызметкерлеріне , көшеде өтіп бара жатқан  тұрғындарға қол ұшын беру мақсатында көмекке аттанды. Мектебіміздің жанындағы «Арман» дүкенінің сатушыларына сөрелерді жинап, нан түсіруге көмектесті.    Ал 7Б сынып оқушылары сынып жетекшілері тылда еңбек еткен ардагер    З.Г.Киселеваға     үйіне барып, көмек қолдарын берді. Ардагер Зоя Григорьевна   оқушыларға алғысын білдіріп, осындай акциялардың қарияларға өте қажет екендігін айтты. Қарияның алғысын алып, оқушылар мәз-мейрам боп үйлеріне тарқасты. 

Дата: 13.02.2016, 8:26 Автор: №24 мектеп-интернаты