«Теңдік туын көтерген Алаш көсемі» атты ғылыми-практикалық конференция
Қазақ халқының аяулы ұлы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында, яғни халықаралық деңгейде аталып өтілуде. Соның бастамасы ретінде Әлихан Бөкейханды оқушыларға дәріптеу мақсатында көптеген жоспарлар бар. Әлихан Бөкейхан Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттенушы, аудармашы, әрі дарынды публицист. Алаштың даңқты перзенті Әлихан Нұрмұхамедұлы қазақ көсемсөзінің бастауында тұрды, қазақ баспасөзінің қалыптасуында да айрықша қызмет атқарды.Міне осындай дарынды әрі қоғам қайраткерінің 150 жылдығына орай Балқаш қаласындағы №8 орта мектепте «Теңдік туын көтерген Алаш көсемі» атты ғылыми-практикалық конференция қала мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Конференцияда №24 орта мектебінен 9А сынып оқушысы Қанаят Арайлым өзінің зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде «Әлихан Бөкейхан бойындағы асыл қасиеттер-тәрбиенің түпкі тамыры»атты мақаласын қорғап шықты. Ең үздік мақала ретінде Қанаят Арайлым жүлденің 1 орын жеңімпазы атанды. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Шолакова Л.Б
Дата: 9.02.2016, 6:14 Автор: №24 мектеп-интернаты