«Туған жерім – кең байтақ Қазақстан»

«Туған жерім – кең байтақ Қазақстан»

29қаңтар 2016 жылы  «Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ-сінің 5 «а » сыныбында  «Туған жерім – кең байтақ Қазақстан» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Мақсаты: Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ол үшін тәуелсіз Қазақстанның тарихы,  рәміздері туралы білуге, құрметтеуге үйрету. Ойлауын, шығармашылығын дамыту, белсенділіктерін арттыру.Тәрбиелік іс-шара саяхат-ойыны түрінде өтті.Сабақтың жоспары “Тарих” бекеті, “Символика” бекеті, “Әлемнің сегізінші кереметі - Астана” бекеті, “Асу” бекеті, “Туған өлке” бекеті бөлімдерінен құралған.

Тарихқа байланысты сұрақтар, Отанға, туған жерге байланысты мақал-мәтелдер болды. Оқушылар белсене атсалыса қатысып отырды. 

Дата: 1.02.2016, 8:52 Автор: №24 мектеп-интернаты